14 желтоқсан 2022 13:17

Скляр Екібастұз жылу электр станциясындағы апат туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз жылу электр орталығындағы жылу желілеріндегі апатқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкімет отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұз жылу электр орталығындағы жылу желілеріндегі апатқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Скляр жылу желілеріндегі апат бүкіл қалада болмағанын атап өтті.

"70 тұрғын үй жылусыз қалды. 1 желтоқсандағы зерттеу бойынша 58 тұрғын үй. Екібастұз қаласында 689 көпқабатты тұрғын үйде 15 жылыту пункті ашылды. Көптеген тұрғындар өз пәтерлерінде болды, мүмкін тұрғындардың 30 пайызы өз үйлерін күзеткен болар. Бірақ бүкіл қала қатып қалатындай апат болған жоқ. "Екібастұз қатып қалды" деген сөздер үш шағынауданға қатысты. 5100 пәтерде тұратын 13 мың адам жылусыз қалды. Әрине, бұл да өте көп", - деді ол.

Ол сондай-ақ Екібастұздағы ЖЭО-ны жөндеуге қанша ақша жұмсалатынын айтты.

"Екібастұздағы 340 шақырым жылу желілері "Екібастұз-жылу энерго" меншігінде, 120 шақырымға жуық желілер - жеке ұйымдар және жеке тұрғын үй секторына тиесілі. Негізі, жылу желілерін жыл сайын жылу желілерін ауыстыру қажет. Біз 1981 жылдан бері келе жатқан құбырларды да көрдік. Әрине, олардың тозуы заңдылық. Оларды жөндеуге шамамен 12 миллиард теңге қажет екенін ескеру қажет", - деді ол.

Скляр Үкіметке осы жағымсыз тәжірибеден сабақ алып, басқа қалаларда бұған жол бермеу керек екенін айтты.

"Менің ойымша, Мемлекет басшысы айтқан проблемалық мәселелер міндетті түрде шешілетін болады. Екібастұздағы апаттан кейін тиісті қорытындылар жасалады. Осы жағымсыз тәжірибеден сабақ алып, басқа қалаларда қайталануына жол бермеуіміз керек", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети