21 маусым 2023 15:22

СҚО әкімі туысы және оның агробизнесі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровтан сол өңірде агробизнеспен айналысатын жақын туыстары туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровтан сол өңірде агробизнеспен айналысатын жақын туыстары туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл сауал Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көтерілді.

"Солтүстік Қазақстан облысында сіздің жақын туыстарыңыз агробизнес саласында табысты жұмыс істейді. Облыс әкімі туысың болғанда ісің үнемі өрге басады. Бұл жерден мүдделер қайшылығын көрмейсіз бе" – деп сұрады журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында әкімнен.

"Біріншіден, мен облысқа басшы болғаныма бірінші жыл. Ағам 1995 жылдан ауыл шаруашылығымен айналыса бастады, өзі агроном, Омбы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Ауыл шаруашылығын жақсы меңгерген. Сондықтан өз ісімен айналысады, ешқандай қайшылық жоқ. Барлығы заң аясында", - деді әкім сауалға жауап беріп.

Оның айтуынша, оған субсидия бөлуді Бас прокуратура да тексерген.

"Субсидиялар туралы ойласаңыз, жалған материалдар болды, барлығын тексерді, оның ішінде Бас прокуратура да бар. Заң аясында, қолданыстағы субсидиялар шеңберінде ол алады. Басқа ешкім артық ештеңе алмайды. Керісінше, менің тағайындалуымнан оның жұмыс істеуі одан да қиын болады, өйткені қазір әлеуметтік саламен айналысуға мәжбүрлеп жатырмыз. Ол қазір көбірек күш салады, көп жұмыс істеу керек. Келіп, оның қанша үй салғанын, медициналық пункттерді, демалыс орталықтарын салғанын көріңіздер. Ол бәрін жасап жатыр. Ол басқаларға үлгі болуға тиіс", - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети