СҚО әкімдігі неге қар үстіне асфальт төселгенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО әкімдігі неге қар үстіне асфальт төселгенін түсіндірді Видеодан алынған кадр

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қыста төселген асфальтка қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қыста төселген асфальтка қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, биыл 27 қарашада қоғамдық бақылау аясында облыстың арнайы бақылау тобы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері облыстық жолдардың үш учаскесін қарап шықты.

"Бақылау тобы кепілдік міндеттемелер аясында мердігерлер жоятын кейбір кемшіліктерді қоспағанда, көрсетілген учаскелерде елеулі ережебұзушылықтарды анықтаған жоқ. Барлық қабылданған учаскеде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ЖШС өкілдері мердігерлердің ескертулерді жою бойынша жұмысын бақылайды.

Айыртау ауданы Каменый Брод ауылының маңындағы жол учаскесінде ауа райының қолайсыздығына байланысты асфальт төсеу дерегіне қатысты осы учаскедегі барлық жұмыс толық көлемде және құрылыс нормаларын сақтай отырып, оң температуралық режимде шартта белгіленген мерзімде орындалғанын түсіндіру қажет", - делінген басқарма хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында СҚО-да жол жөндейтіндердің асфальтты қардың үстіне төсегені хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда мердігерлерге жолды жөндеп бітіру оңайға соқпаған. Олар қоспаның қалдығын тасжолдың ортасына төгіп кеткен, тіпті үстінен арнайы техникамен тегістеуді ойламаған. Салдарынан жол жамылғысы аяқ астында үгітіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети