04 желтоқсан 2020 07:40

Солтүстік Қазақстанда асфальт қар үстіне төселген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жол жөндейтіндер асфальтты қардың үстіне төсеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жол жөндейтіндер асфальтты қардың үстіне төсеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда мердігерлерге жолды жөндеп бітіру оңайға соқпаған. Олар қоспаның қалдығын тасжолдың ортасына төгіп кеткен, тіпті үстінен арнайы техникамен тегістеуді ойламаған. Салдарынан жол жамылғысы аяқ астында үгітіліп жатыр.

Аймақтағы шенеуніктер облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына шарт бойынша жұмыс 1 қарашада аяқталды деп есеп беріп қойған. Шын мәнінде мердігер компания "Комплек-Азия-Сервис" аудандағы жолды ай соңында 5 градус аязда жөндеді. Ал бұл - технологияны өрескел бұзу.

"Тексеріс жүргізіледі. Жөндеу орташа жөндеуге жатады және мердігерге екі жыл кепілдік мерзімінде жауапкершілік жүктелген. Қандай жағдай болса да жол сапасында кемшіліктер анықталса, оны жоюға жауапкершілік бар", - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Қылышбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети