03 ақпан 2022 09:40

СҚО әкімдігі "тек қағаз жүзінде жұмыс істейтін кәсіпорындар" туралы ақпаратқа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өңірдегі азық-түлік кәсіпорындарының 24 пайыздан астамы қағаз жүзінде ғана жұмыс істейді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өңірдегі азық-түлік кәсіпорындарының 24 пайыздан астамы қағаз жүзінде ғана жұмыс істейді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін петропавлдық басылымда DATAmetrics зерттеуіне сілтеме жасай отырып, Солтүстік Қазақстанда тіркелген өнеркәсіптік кәсіпорындардың 24 пайызы іс жүзінде жұмыс істемейтіні туралы ақпарат шыққан болатын. Зерттеуде тек азық-түлік кәсіпорындары туралы айтылғаны нақтыланады. Статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда тамақ өнеркәсібіне 4 104 заңды тұлға тіркелген, алайда олардың ішінде 2 825 заңды тұлға немесе 69 пайызы жұмыс істейді. Яғни Солтүстік Қазақстанда азық-түлік кәсіпорындарының 76 пайызы ғана жұмыс істейді.

Облыс әкімдігі мәліметінше, 2021 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста осы салада 576 заңды тұлға тіркелген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 408 заңды тұлға, оның 168-і тамақ өнімдерін өндірушіге жатады, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар - 127. Қалған 41 заңды тұлға өнім өндіру саласында қызметін тоқтатқан, негізінен жұмыстың маусымдық сипатына байланысты.

"Егер басқа өңірлермен салыстыратын болсақ, Солтүстік Қазақстан облысы жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны бойынша алғашқы үштікке кіреді деген қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың үлесі бойынша көрсеткіш республикалық көрсеткіштен жоғары (69 пайыз). Талдау жұмыстың маусымдық сипатына және заңды тұлғаны басқарудың әлсіздігіне байланысты кәсіпкерлік (ЖК) санатының өзгеруі байқалатынын көрсетеді. Сонымен қатар, заңды тұлғаны тарату рәсімі жүргізілмейді", - дейді әкімдіктегілер.

Әкімдіктегілер жұмыс істемейтін кәсіпорындар санының жыл сайын азайып келе жатқанын қосты. Осылайша, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмысы уақытша тоқтатылған заңды тұлғалардың саны 59 болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети