Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

СҚО-да ауыл әкімінің міндетін атқарушы қызметін тастап, әскерге аттанды 27 қаңтар 2022, 08:44

СҚО-да ауыл әкімінің міндетін атқарушы 20 жастағы Асқар Жалғас әскери борышын өтеу үшін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Astana TV/видео кадры Astana TV/видео кадры

СҚО-да ауыл әкімінің міндетін атқарушы 20 жастағы Асқар Жалғас әскери борышын өтеу үшін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Ер адам Есіл ауданына қарасты Спасов ауылдық әкімдігінде жақсы жұмыс істегені үшін осындай жоғары лауазымға ие болған. Асқар Жалғас еш өкінбестен кабинетін казармаға ауыстырғанын айтады.

"Жақсы нәтиже көрсетіп, Спасов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалдым. Осы қызметке қарамастан, менде әрқашан әскерде қызмет етуге деген ынта-ықылас болды. Осы жерге, әуе қорғанысы күштеріне шақырылып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету отрядына, күзет ротасына түстім", - деді сарбаз.

Асқардың қызметі бір-екі айда аяқталады. Оны бұрынғы ауылдық округіне - бас маман қызметіне күтеді.

"Ол азаматтық борышын, Отан алдындағы борышын өтеуді ұйғарды. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап оған әскери борышын өтеу мерзіміне ақысыз еңбек демалысы берілді. Осы күнге дейін жұмыс орны сақтаулы. Әскерден оралған соң қызметке кіріседі", - деді Есіл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Алмас Қоспанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram