30 маусым 2020 09:51

СҚО-да екі үйлену тойын жасырын өткізгендер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда өткен демалыста қаладағы шектеу шараларына қарамастан үйлену тойын өткізгендер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.


Петропавлда өткен демалыста қаладағы шектеу шараларына қарамастан үйлену тойын өткізгендер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бірінші үйлену тойы туралы полицейлер әлеуметтік желілерден білген. Қонақтар күйеу жігіт пен қалыңдықтың "Конгресс" мейрамханасына кіріп бара жатқаны түсірілген сурет жариялады. Нәтижесінде полицейлер мен санитар дәрігерлер оларға қатысты шаралар қолданған.

Полиция мәліметінше, мейрамхана иесі мен ұйымдастырушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мейрамхана иесі 3 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін (8 334-555 600 теңге) айыппұл төлеуі мүмкін.

Ал екінші үйлену тойы туралы жергілікті тұрғындар хабарлаған. Олар "Эмират" мейрамханасында үйлену тойы өтіп жатқанын айтқан. Той ұйымдастырушысы мен мейрамхана әкімшілігіне қатысты бірінші жағдайдағыдай әкімшілік хаттама толтырылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети