18 желтоқсан 2020 12:21

СҚО-да ескі шіркеу аукционда 34,5 мың теңгеге сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

1864 жылы салынған Жамбыл ауданы Новорыбинка ауылының орталығындағы шіркеу төртінші рет аукционға қойылды. Көптен бері пайдаланылмаған үй-жай 34,5 мың теңгеге сатылды, алайда оның бастапқы құны 11,3 миллион теңгеге бағаланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап. 

Шіркеу осы жылдың қазанында сатылымға қойылған. Алайда оны тәуелсіз бағалаушы анықтаған бағамен сатып алғысы келетіндер табылған жоқ. Сондықтан аукцион қайта тағайындалды, ең төменгі баға 1 теңгеге дейін төмендетілді. Аукционның басты мақсаты - ғимаратқа қарай алатын немес қалпына келтіре алатын қожайын табу болды. 

Новорыбинка ауылы кіретін Кладбинка ауылдық округінің әкімі Николай Волковтың айтуынша, аукцион шіркеуді мемлекет балансынан шығарып, ескі ғимаратты қалпына келтіруге мүдделі ұйымдардың қолына тапсырудың жалғыз заңды тәсілі. Аукцион туралы Петропавл және Булаев махалласы хабарланған.

Осылайша 150 жылдық тарихы бар ғимарат 9 желтоқсанда өткен төртінші аукционда 34 487 теңгеге сатылды. 

"Ғимаратты ескерткіштермен айналысатын қор сатып алды, ниеттері түзу", - деді Николай Волков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети