22 қаңтар 2024 11:12

Скриптонит туған ауылдың атауы өзгертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында Скриптонит лақапатымен танымал қазақстандық музыкант Әділ Жәлелов дүниеге келген ауылдың атауы өзгертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысында Скриптонит лақапатымен танымал қазақстандық музыкант Әділ Жәлелов дүниеге келген ауылдың атауы өзгертілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар іргесіндегі ауылдың бұрынғы атауы Ленинский болған. Қазір ол ресми түрде Атамекен деп аталады. Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 22 қаңтарда өзгерту туралы қаулы күшіне енген.

Былтыр қарашада ауыл атын өзгерту мәселесі облыстық ономастикалық комиссия отырысында талқыланып, былтырғы желтоқсанның аяғында облыстық мәслихат депутаттары ауылдың жаңа атауын бірауыздан қолдаған болатын.

Содан кейін құжат тіркеуге жіберілген. Соңғы он жылда атауды өзгерту мәселесі кезең-кезеңімен көтеріліп келе жатқаны хабарланды. Жергілікті тұрғындар былтыр сәуірде жаңа атауды таңдаған.

Жергілікті қоғамдастық жиналысында бірнеше нұсқа ұсынылған, оның ішінде - Қазанғап би нұсқасы бар. Сол кезде 49 адам "Атамекен" атауына дауыс берген. Бұл көпшіліктің басым бөлігі.

Айта кетейік, қазіргі Атамекен, бұрынғы Ленинский ауылында қазақстандық танымал рэп орындаушысы Әділ Жәлелов (Скриптонит) дүниеге келген. Жергілікті әкімдік мәліметінше, атақты музыканттың ата-анасы әлі де осы ауылда тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети