05 қазан 2016 17:06

Словакия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Словакия Республикасы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын растаған 104-ші ел болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
 
Словакия Республикасы Үкіметінің төрағасы Роберто Фицодан сәйкес ресми хат ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевқа Астанада өткен Словакия Елшілігі өкілдерімен кездесу барысында табысталды.

2010 жылдың қараша айында Словакия Республикасының Үкіметі жаңартылмалы энергия көздері (ЖЭК) ресурстарынан өндірілетін энергияға қатысты Ұлттық іс-әрекет жоспарын қабылдады. Жаңа жоспар 2020 жылға қарай 14 пайызға дейін ЖЭК пайдалану арттыруды көздейді.

Словакия Үкіметінің ресми позициясына сәйкес биомасса отынның қазба түрлерінен алынатын энергияның орнын тиімді баса алады. Және сонымен бірге жылу өндіру кезінде қолданылатын табиғи газдың көлемін азайтуға айтарлықтай үлес қосады.

Осылайша, ҚР СІМ мәліметінше, Словакия көрмеге қатысатынын растаған 104-ші ел болды. Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын 17 халықаралық ұйым растады, 99 комиссар тағайындалды, 82 қатысу туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети