08 маусым 2020 12:33

СІМ АҚШ-тағы наразылық кезінде "қазақстандық қаза тапқаны" туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы наразылық шарасы кезінде қазақстандық қаза тапқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы наразылық шарасы кезінде қазақстандық қаза тапқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға туралы хабарлама әлеуметтік желіде тараған. 

"Расталмаған мәлімет бойынша, Нью-Йорктегі наразылық акцияларын тоқтату кезінде бір қазақстандық қаза тапты. Ақпарат қазақстандық мигранттардың WhatsApp чатында тарап жатыр. Біз АҚШ билігі мен АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің растауын күтеміз", - делінген хабарламада.

Алайда СІМ бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. 

"Қаза тапқандар ішінде азаматымыз жоқ", - деді сырты саясат ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Еске салайық, 25 мамырда Миннеаполисте (Миннесота штаты) 46 жастағы америкалық Джордж Флойд полиция ұстап жатқан кезде қаза тапқан еді. Желіде оқиғаның видеосы тараған. Кадрлардан полицей қара нәсілді ер адамның мойнын тізесімен басқанын, ал афроамерикалықтың дем ала алмай жатқанын бірнеше рет қайталағанын көруге болады. Бұл оқиғадан соң елде наразылықтар өтіп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети