СІМ басшысының орынбасары Қазақстанның Канададағы елшісі болып тағайындалды 27 сәуір 2018, 18:11
Ақылбек Камалдинов Қазақстанның Канададағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Ақылбек Әбсатұлы Камалдиновтың Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.