15 ақпан 2021 11:07

СІМ Еуропарламенттің Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуы туралы қарарына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Еуропарламенттің Қазақстан адам құқықтарын бұзды делінген қарарын біржақты деп атады. Ведомство өкілдерінің пікірінше, қарар мәтіні елдегі нақты жағдайды бұрмалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Еуропарламенттің Қазақстан адам құқықтарын бұзды делінген қарарын біржақты деп атады. Ведомство өкілдерінің пікірінше, қарар мәтіні елдегі нақты жағдайды бұрмалайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Онда Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарына қатысты ахуалға біржақты, объективті емес сын-пікірлер бар деп есептейміз. Біздің пікірімізше, қарардың мәтіні еліміздегі істердің нақты жағдайын бұрмалайды және бұл деструктив топтардың жалған ақпаратын азық қылған бөтен ниетті саясаткерлердің бастамасымен жасалған.

Қазақстан адам құқықтары саласындағы өз міндеттемелерін мақсатты және үдемелі түрде іске асырып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына сәйкес кең ауқымды саяси реформаларды іске қосты.

Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер Президент бастамашылық еткен реформаларды қолдайтынын ескере отырсақ, Еуропарламенттің бұл құжаты дайындау кезінде пайдаланған мәліметтердің анықтығы күмән туғызады, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, ІІМ еуродепутаттар Брюссельдегі кейбір қарарды деректерді мұқият тексермей немесе мәселенің анық-қанығына жетпей "автомат түрде" қабылдайтынын біледі.

"Сондықтан жаңа қарарда "ескі кейстердің" көп жүруі бізді таңғалдырмады, әдетте олар бір құжаттан екіншісіне "көшіп" жүреді. Сондай-ақ, Еуропарламенттің бірқатар мүшесі еліміздің дамуындағы өзекті үрдістерге қатысты оң пікірге қарамастан, ішкі партиялық тәртіп тәжірибесіне сәйкес осы қарарды қабылдауға дауыс бергенін түсінеміз.

Объектив еуродепутаттарға алғыс білдіреміз, олардың арқасында резолюцияда Қазақстандағы объектив өзгерістер мойындалды. Атап айтқанда, Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің құрылуы мен қазақстандық биліктің реформалардың жаңа кезеңін жариялауы, яғни, құқық қолдану тәжірибесі, сот жүйесін дамыту және адам құқықтарының басымдығы мәселелері", - деді ол.

Сондай-ақ, Қазақстанда өлім жазасын жою, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау құпталғаны айтылды.

"Қазақстан билігінің салық органдарының айыппұлдарды өндіріп алу және бірқатар ҮЕҰ қызметін шектеу жөніндегі шешімін қайта қарау және күшін жою туралы шешімі оң бағаланды, бұл туралы 2021 жылы 3 ақпанда жарияланған болатын", - деді ресми өкіл.

Айбек Смадияров Еуропарламентпен алдағы қарым-қатынастың келешегі қандай екенін айтты.

"Қазақстан Еуропалық Парламентпен жұмысты, оның ішінде "Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ" парламентаралық ынтымақтастық комитеті сияқты өзара іс-қимылдың маңызды құралы арқылы жалғастыруға дайын. Сонымен қатар, біз үшін тиісті диалогтың адал әрі өзара сыйластықта болуы өте маңызды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети