29 қазан 2018 17:08

СІМ Сирияда қазақстандық азаматшалар өлтірілді деген мәліметті тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Сирияда қазақстандық азаматшалар өлтірілді деген мәліметтерге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Сирияда қазақстандық азаматшалар өлтірілді деген мәліметтерге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"СІМ өкілдері бұл мәліметті тексеріп жатыр, бұл жағдай расында да болды ма, жоқ па - тексеру керек. Себебі дереккөз әлі расталған жоқ. Біраз уақыт керек. Сирия аумағында заңды және заңсыз жүрген азаматтарымызға қатысты мәселенің барлығын Иорданиядағы елшілік өкілдеріне әрі Сириядағы ҚР елшілігіндегілерге тапсырамыз", - деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров брифинг барысында.

"Ақтөбе Таймс" мәліметінше, Сирияда қазақстандық үш әйел отанына оралу үшін ақша қажет болғандықтан өзінің отандастары мен баланы өлтірген. Алайда олар ұсталып, нәтижесінде қайта алмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети