СІМ Судандағы БАӘ елшісінің резиденциясына жасалған әуе шабуылын айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ Судандағы БАӘ елшісінің резиденциясына жасалған әуе шабуылын айыптады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҚР СІМ Біріккен Араб Әмірліктерінің Судандағы дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР СІМ Біріккен Араб Әмірліктерінің Судандағы дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2024 жылғы 29 қыркүйекте Судан астанасы Хартумдағы Біріккен Араб Әмірліктері дипломатиялық миссиясы басшысының резиденциясына жасалған әуе шабуылын қатаң айыптайды.

Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз", - делінген хабарламада.

СІМ мұндай әрекеттер 1961 жылғы Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена конвенциясының 22-бабында кепілдік берілген дипломатиялық өкілдіктерге қол сұғылмаушылық негізгі қағидасын бұзады және барлық қатысы бар тұлғалардың жауапкершілікке тартылуымен толық тергеу жүргізуді талап ететінін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети