10 маусым 2023 13:42

Смайылов Абай облысындағы өрт бойынша бірқатар тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайылов кеңес өткізді. Онда Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою шаралары талқыланды. Үкімет басшысы бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайылов кеңес өткізді. Онда Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою шаралары талқыланды. Үкімет басшысы бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылданған шаралар туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова баяндама жасады.

ТЖМ деректеріне сәйкес, өрт Талица, Каштак, Барышевка, Успенка, Поднебесное және Камышенка елді мекендеріне қарай үш бағытта таралып жатыр. ТЖ ауданын қалың түтін басқанымен, жоғары бетінде лапылдап жанып жатқан жоқ, оған ауа райы жақсы әсер етті – түнде және таңертең сіркіреп жаңбыр жауған.

"Авиациялық техника белсенді жұмыс істеп жатыр. Оған қоса ТЖ орнына қосымша күштер мен құралдар тартылып жатыр. Қатты өртеніп жатқан учаскелерде техника үздіксіз жұмыс істеуі үшін су жеткізіліп отырады. Азаматтар үшін уақытша орналастыру орындары жабдықталған. Елді мекендерге төнген қауіп сейілді. Жұмыс – бақылауда", - делінген хабарламада.

Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ірі табиғи өртті жою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық және адами ресурстардың барлығы жұмылдырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Әлихан Смайылов қосымша техника мен қызметкерлердің өрт сөндіру орындарына жедел жетуін қамтамасыз етуді талап етті. Премьер-министр:

  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесін пысықтауды;
  • Денсаулық сақтау министрлігіне қажет болған жағдайда азаматтарға уақытылы медициналық көмек көрсету мәселесін бақылауда ұстауды;
  • ІІМ-ге қоғамдық тәртіпті сақтауды және тұрғындар мүлкін қарауды тапсырды.

Қазіргі кезде өрттің жалпы ауданы 60 мың гектардан асқаны айтылды. Оны сөндіруге ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ЭТРМ және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылған. Атап айтқанда, 800-ге жуық адам, 190 техника және 8 тікұшақ тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети