24 ақпан 2022 16:30

Смайылов ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

primeminister.kz primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


Премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасын дайындау барысы, ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіру, сондай-ақ, Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің алдағы отырысын өткізу мәселелері талқыланды. Ә.Смайыловтың айтуынша, өзара тиімді шешім қабылдауға басымдық беру ұйымның бағытына сай келеді. Мұны ұйым жұмыс істеген кезеңде өзара сауданың едәуір артуы нақты көрсетіп отыр.

Мәселен, ЕАЭО қызметі кезеңде Қазақстанның әріптестерімен өзара сауда байланысы 37,5 пайызға, оның ішінде экспорт 33 пайызға артты.

"Алдымызда түрлі салалардағы, бірінші кезекте өнеркәсіптегі кооперация кәсіпорындармен бірлесіп интеграция жобаларын іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Былтыр Қазақстан ЕАЭО-ның жарғылық органдарында төрағалық қызмет атқарған тарап болды. Президент Қ.Тоқаев былтыр жыл басында біздің ұйымға төрағалық етуіміздің басым бағыттарын белгіледі. Президент үндеуінде көрсетілген осы бағыттар бірлескен күш-жігеріміздің арқасында табысты іске асырылды деп сеніммен айтуға болады. Биыл да осы жұмыстар жүзеге асырылып жатыр", - деді Ә.Смайылов.

Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 26,1 миллиард доллар болды, бұл 2020 жылға қарағанда 28 пайызға артық. Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорт 2021 жылы 34,9 пайыз долларға артып, 7,6 миллиард долларға жетті. ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импорт 2021 жылы 25,4 пайызға артып, 18,4 миллиард доллар болды.

Өз кезегінде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы М.Мясникович қазақстандық тараптың үйлесімді жұмысын атап өтті. Сонымен қатар, ЕҮАК-нің отырысының барлық мәселесі белгіленген тәртіпте қаралатыны айтылды. Кооперацияны дамыту бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Кездесуге премьер-министр орынбасары - сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов, сауда және интеграция вице-министрі Ж.Күшікова, премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары А.Кәрімов және ЕЭК алқасы төрағасы хатшылығының басшысы В.Зиновский қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети