19 қыркүйек 2023 11:17

Смайылов фермерлерге субсидияларды толық көлемде төлеуді тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

aleksandarlittlewolf/Freepik aleksandarlittlewolf/Freepik

Премьер-министр Әлихан Смайылов шаруаларға субсидияны толық төлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов шаруаларға субсидияны толық төлеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанына қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Премьер-министр егін жинау науқанының барысы Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

"Өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл еліміздің егіншілері үшін қолайсыз болды. Жаздың 2 айындағы аптап ыстықтың соңы күзгі жауын-шашынға ұласты. Бұл әрине, астықтың түсімін азайтып, жұмыс қарқынын едәуір бәсеңдетіп жіберді. Дегенмен, егін жинау науқанын қаржылай және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Астықты өңірлерде осы айдың соңына дейін қатты жаңбыр жауады деген болжам жоқ. Сондықтан, осы мерзім ішінде барынша үлгеріп қалу керек", - деді Әлихан Смайылов.

Ол еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қажетті көмек көрсетуді тапсырғанын еске салды.

"Энергетика министрлігі астықты кептіру үшін қосымша көлемде дизель отынын бөлетін болады. "Бәйтерек" холдингі несиелер бойынша қарыздарды қайта құрылымдап, қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен фермерлер үшін айыппұл санкцияларын салмай, Азық-түлік корпорациясының желісі арқылы тауарлық несие мерзімдерін ұзартып отыр. Ауа райының қолайсыздығы форс-мажорлық жағдай ретінде танылуы тиіс. Субсидияларды толық көлемде төлеу керек", - деп атап өтті премьер-министр.

Сонымен қатар, премьер-министр астық таситын вагондармен уақтылы қамтамасыз етіп, теміржолдағы ұзын-сонар кезекті болдырмауды талап етті.

"Біздің міндетіміз – егінді сапалы жинап алуды қамтамасыз ету", - деп түйіндеді ол сөзін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети