06 ақпан 2014 16:04

Сочиде ағылшын тілін білетін еріктілер аз боп шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Уразаков.  ©Роза Есенқұлова Илья Уразаков. ©Роза Есенқұлова

Сочи Олимпиадасына тартылған еріктілердің арасында ағылшын тілін білетіндері аз болып шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz-тің Сочидегі арнаулы тілшісі Роза Есенқұлова Универсиада-2017 дирекциясының басшысы Илья Оразақовқа сілтеме жасап. "Ашығын айтсақ, біз осы күндер ішінде ресейлік әріптестеріміздің еріктілерге ағылшын тілін меңгерту мәселесіне кеш кіріскенін байқадық. Барлық 25 мың еріктінің ішінде ағылшын тілін жетік білетіндер азғана пайыз. Ал бұл - туристермен қарым-қатынас жасаудағы негізгі аспект. Машықтандыру, оқыту бағдарламаларын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор, өйткені жақсы дайындалған еріктілер тобы ұйымдастырушылардың иығынан жүктің ауқымды бөлігін арылтады", - дейді Илья Оразақов. Сочи Олимпиадасынан тәжірибе үйренуге келген Универсиада-2017 дирекциясы Лондон Олимпиадасы кезінде еріктілер қозғалысын ұйымдастырумен айналысқан халықаралық агенттікпен меморандумға қол қойған. Агенттік өкілдері біздің еріктілерге тәжірибе мен білім беретін болады. Илья Оразақовтың айтуынша, қазақстандық делегация Сочиде Олимпиада нысандарын аралап көрген. Нысандар сапалы тұрғызылған. Дегенмен арагідік инфрақұрылымы ақсайтын тұстар да кездесіпті. Қазақстандық делегация мүшелеріне күшейтілген қауіпсіздік шаралары ұнамай жатыр. Қауіпсіздік қызметі мамандарының өзі тексеру электроникасына үйрене қоймаған тәрізді, сол себепті тексерістер ұзаққа созылып кетуде. Бір адамға кейде өз мойнына үш бейдж асынуға тура келеді. Көпсатылы қатаң тексерістердің себебінен көшелерде кептелістер де шиеленісе түскен. Мейрамханалардағы қызмет көрсету жөнінде Илья Оразақов былай деді: "Мен пуфикті орындыққа ауыстыруды сұраған едім. Маған "Кешіріңіз, рұқсат етілмейді" деді. Осыдан кейін 47 млрд доллар шығындалған Олимпиада болса да, көзқарасым сәл көмескі тартты. Бұл - адамдардың кәсібилігінің мәселесі. Алтын сарайлар тұрғызып, ондағы қызметшілерді үйретпей қойса, жұрт ол сарайларға түкіретін болады. Меніңше, Қазан Универсиадасы кезінде татарлар анағұрлым қонақжай болған сияқты". Универсиада-2017 дирекциясының бес қызметкері Сочиде 7 қаңтардан бері жұмыс істеп жатыр. Жуырда дирекция ішінде жаңа спорт департаменті құрылмақ. Оның қызметкерлері Алматыда спорт нысандарын даярлаумен айналысатын болады. Универсиада дирекциясы мен Сочи Олимпиадасы дирекциясы арасында алдағы 1,5 жыл ішінде алматылықтарға семинарлар өткізу туралы меморандумға қол қойылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети