19 қараша 2020 17:14

Соғыс ардагері, ғалым Уахит Шалекенов қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі Уахит Шалекенов 96 жасында өмірден өтті. Бұл туралы ғалымның ұлы Болат Шалекенов естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше әкем қайтыс болды, оны жаңа ғана жерлеп келдік", - деді ол тілшіге берген сұхбатында.

Уахит Шалекенов - Курск доғасындағы шайқас қатысушысы, Харьковты босатқан. Ұрыста бірнеше жарақат алған. Ерлігі үшін көптеген орденмен және медальмен марапатталған. Отставкадағы полковник.

Соғыстан кейін ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысқан. 1967 жылы тарих ғылымдарының докторы, 1972 жылы профессор атанған. ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі және декан болған. 700-ден аса ғылыми мақала, 30 монография жазған, оқу құралдарының авторы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети