06 желтоқсан 2014 13:59

Солтүстікқазақстандық өндірушілер рубльдің құнсыздануын өз пайдаларына шешуде - аймақ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Сурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Солтүстік Қазақстан облысына Ресейдің рубльінің құнсыздануы негативті және позитивті әсерін тигізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. Бұл туралы бүгін, 6 желтоқсан күні Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс басшысы Ерік Сұлтанов мәлімдеді. 

Журналистердің сұрағына жауап берген облыс басшысы рубльдің құнсыздануына байланысты СҚО-ғы оқиғаларға да тоқталды. Сұлтанов бұл мәселеде шындығында да қиындықтар болғанын атап өткен. "Бір жағынан проблема (...) туғызғаны рас. Негативке лайықты позитивті қырлары да бар. Осы екі ай ішінде тауар айналым тым азайып кетті, сол себепті де қордағы аймақтық азық-түліктің физикалық индекс көлемі азайды. Десе де,  позитивті қырлары да жоқ емес. Рубльдің құнсыздануына байланысты біздің өндірушілер өндіріске керек құрал-жабдықтарды 25-40 пайыз арзан бағаға сатып алуда. Біз бұл орайды тиімді пайдалануға тырысамыз. Өндірушілердің "Жол картасы-2020" бағдарламасы аясында несие алуына көмек қолын созудамыз. Бұл жұмыс сәтті жүруде", - деді ол. 

Естеріңзге саламыз, Ресейде рубльдің құнсыздануы жалғасуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети