07 тамыз 2015 | 14:15

Сот Әлібидің миллиондаған сомадағы моральдық шығын туралы шағымын қанағаттандырмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Сот Әліби Жұмағұловтың моральдық шығын ретіндегі миллиондаған сомадағы өтемақы өндіру туралы шағымын қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін сот Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соқты деп таныған іс фигуранттарын ұзақ мерзімді жазаға кесті.


Иконка комментария блок соц сети

Сот Әліби Жұмағұловтың моральдық шығын ретіндегі миллиондаған сомадағы өтемақы өндіру туралы шағымын қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін сот Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соқты деп таныған іс фигуранттарын ұзақ мерзімді жазаға кесті.

"Жәбірленуші Жұмағұловтың азаматтық шағымын қарастырусыз қалдырылсын", - деп мәлімдеді Ербол Рахымбеков іс бойынша үкімді оқи отырып.

Судья Ербол Рахымбеков сот залында жәбірленуші Әліби Жұмағұловтың соталды өндіріс кезінде материалдық шығын ретінде 640 мың теңге және моральдық шығын ретінде 200 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіру туралы азаматтық шағым келтіргенін хабарлады. 

"Сот тыңдауы кезінде жәбірленуші мен оның өкілдері шағымды қарастырусыз қалдыруды сұрады. Адвокат Айтқалиева соңынан азаматтық шағымды қанағаттандыруға құқық беруді және оның көлемі туралы мәселені азаматтық сот өндірісі тәртібінде қайта қарауға жіберуді сұрады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 170-бабының 6-бөлігіне сәйкес, сот шағымды азаматтық шағымданушының бұл туралы өтініші болған жағдайда қарастырусыз қалдырады. Мұндай өтініш келіп түсті және сот оны қанағаттандыруға болады деп санайды. Шағымды қарастырусыз қалдыру және шағымданушының шағымды қанағаттандыру мақсатында шағымдану мәселесін азаматтық сот өндірісі тәртібінде қайта қарауға жіберуге жарамсыз, себебі шағым дәлелдерді көрсетпеу түрінде қарастырылған жоқ", - деді Ербол Рахымбеков.

Кейін Facebook желісіндегі өз парақшасында Әліби Жұмағұловтың адвокаттарының бірі Анатолий Утбанов осы істі бақылағандарға сөз айтты. "Жәбірленуші үкімге шағым келтірмейді. Оны заңды әрі негізді деп санайды. Өзімнен қосарым: қылмыстық іс жеңімпаздар мен жеңіліс тапқандар болмайды. Әр қылмыстық істе талқандалған тағдыр және қайғы болады, бұлар екі жақ тарапқа да бірдей келеді - жәбірленушіге де, сотталушыға да. Сондықтан таяу уақытта қандай да бір пікір білдіруден бас тартамыз, бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Қолдауларыңызға алғыс айтамыз", - деп жазды адвокат Анатолий Утбанов.

Еске сала кетейік, бүгін кәсіпкер кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің 13 жылға сотталғаны, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болғаны жазылған еді. Сонымен бірге, оның мүлкі тәркіленеді. Бұл істі қарап жатқан сот төрағасы Ербол Рахымбеков биылғы 11 маусымда басталған атышулы сот процесіне нүкте қойды. Соттың жабық түрде өткен іс қарауы екі айға жуық уақытқа созылды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети