Сот Арыстанбек Мұхамедиұлының арызын қараусыз қалдырды

18 Қараша 2016, 13:29
2
Сот Арыстанбек Мұхамедиұлының арызын қараусыз қалдырды - Арыстанбек Мұхамедиұлы © Тұрар Қазанғапов
Арыстанбек Мұхамедиұлы © Тұрар Қазанғапов

Сот Арыстанбек Мұхамедиұлының арызын қарамастан қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәдениет және спорт министрінің адвокаты Ескендір Әлімбаевқа сілтеме жасап.

"Арыз процессуалдық сипаты жеткіліксіз болғандықтан қайтарылды. Қазіргі уақытта біз сот сілтеген міндеттерді орындаумен шұғылданып жатырмыз" - деді адвокат Ескендір Әлімбаев.

Еске салайық, Осыған дейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықова министрді бөтен оймен тиісті деп айыптаған болатын. Видеода қыз 2011 жылы Мұхамедиұлы ректор болғанда академияға ақшаға түсіріп беретінін айтты және екіұшты ұсыныстар айтты деп мәлімдейді. Ал Мұхамедиұлы өз кезегінде бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін БАҚ-тарда тағы бір қыздың министрі "тиісті" деп айыптағаны жайлы хабар тарады. Ал кейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ар-намысы мен абыройын сотта қорғайтын болатыны хабарланды.

Осыған дейін, мәдениет және спорт министрінің адвокаты Ескендір Әлімбаев министрдің берген арызы заң талаптарына сай толтырылғанын айтқан болатын. 

"Мемлекеттік қызметкерге көпшілік алдында пара алды деп айғақсыз айыптаулар тағылған жағдайда, сол күннен бастап бір ай ішінде сол айыптарын жоққа шығару тиіс. Мұндай айыптаулар Еңілік Сыдықованың сөзінде бар", - деді министрдің адвокаты. 

Мұхамедиұлының адвокаты егер Еңілік Сыдықова өз айыптауларын жоққа шығаратын болса өзінің арызын қайтарып алатынын мәлімдеген. 

"Ондай өшпенділік ой жоқ. Біз оның бұл жағдайда құрбан болып отырғанын біліп отырмыз, себебі оның сөзінде жаттанды мәтіндер бар. Яғни ол не ойлағанын айтқысы келіп тұрған жоқ, дайындалған мәтінді жатқа айтып тұр. Мүмкін оған біреу әсер еткен шығар, мүмкін одан осындай деп айтуыды өтінген болар", - деді адвокат Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай