Сот Бишімбаевтың арызын қанағаттандырудан бас тартты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың алимент төлемдерін азайту туралы талабын сот қанағаттандырмады. Бұл туралы адвокат Динара Шамшекова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың алимент төлемдерін азайту туралы талабын сот қанағаттандырмады. Бұл туралы адвокат Динара Шамшекова айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокаттың айтуынша, 2020 жылы Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман арасында үш балаға алимент төлеу туралы келісім жасалған. Алайда бірнеше ай бұрын Бишімбаев төлем шарттарын, атап айтқанда, төлем мөлшерін азайту туралы талап арыз берген. Ол өзінің қаржылық жағдайының нашарлағанын алға тартқан.

"Нормативтік қаулыға сәйкес бұл жағдай шарттарды өзгертуге негіз бола алады, бірақ бұл – сөзсіз негіз емес. Сот процесі барысында онда (Бишімбаевта – еск.) мүлік бары анықталды. Біз сонымен қатар үкім шыққан және қылмыстық іс қаралған сәттегі мүлік тізімін де анықтадық. Ол бұл мүлікті қайта рәсімдеген", – деді адвокат Tengrinews.kz тілшісіне.

Адвокаттың айтуынша, мүлік сыйға тарту келісімшарттары бойынша үшінші тұлғаларға берілген. Осыдан кейін Бишімбаев қаржылық жағдайының нашарлағанын алға тартып, алимент мөлшерін бірнеше есеге азайтуды сұраған.

"Сот біздің уәждерімізге сүйене отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартты. Бұл әрекеттер – мүлікті қайта рәсімдеу – балаларға алимент төлеуден жалтару әрекеті ретінде бағаланды. Ал алимент төлеу – оның конституциялық міндеті. Балалардың мүддесін ескере отырып, сот келісімді өзгерту туралы талабын қанағаттандырмады", – деп атап өтті Динара Шамшекова.

Адвокаттың айтуынша, Бишімбаевтың иелігінде болған және кейіннен қайта рәсімделген мүлік барлық үш бала кәмелетке толғанға дейін алименттік міндеттемелерді орындауға жеткілікті.

“Бишімбаев алименттен бас тартпайды“. Бұрынғы министрдің адвокаты мәлімдеме жасады

Еске салайық, Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевпен ресми некеде 14 жыл тұрған. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы – экс-министрдің алғашқы қылмыстық ісі бойынша түрмеден босатылғаннан кейін бір жыл өткен соң ажырасқан. Олардың үш баласы бар.

Жақында Қуандық Бишімбаевтың отбасы алимент төлеуден бас тартқаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer