27 ақпан 2024 | 12:08

Сот жүйесіндегі өзгерістер: Тоқаев жарлыққа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы соттардың төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы жарлыққа қол қойды. Құжат "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 23 судья қызметінен босатылған. Соның ішінде:

  • 9 судья – отставкаға кетуіне байланысты;
  • 6 судья – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты;
    2 судья – қайтыс болуына байланысты;
  • 2 судья - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметтен босату қажет екені туралы сот жюриінің шешімі бойынша;
  • 1 судья – өз өтініші бойынша;
  • 1 судья – басқа жұмысқа ауысуына байланысты;
  • 1 судья - зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
  • 1 судья - судьяның кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімі бойынша.

Әр өңірде 92 адам судьялық қызметке орналасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети