1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Сот Павлодар облысында жанжалдан кейін босатылған прокурорды қайта жұмысқа алды 15 қазан 2021, 19:06

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық соты Павлодар облысында жағымсыз жағдайда жұмыстан шығарылған прокурор Кәрім Шұғаевты жұмысқа қайта алды. Аудан
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық соты Павлодар облысында жағымсыз жағдайда жұмыстан шығарылған прокурор Кәрім Шұғаевты жұмысқа қайта алды. Аудан прокурорына қызметін қалпына келтіруден бөлек, 1,2 миллион теңге жалақы төленуі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Железин ауданының прокуроры Шұғаев прокуратура ғимаратында өзін атып өлтірген тергеушіге қатысты оқиғадан кейін қызметінен босады. Ол ар-намыс кодексін бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, жұмыстан шығарылып, тәртіптік жазаға тартылды. Жұмыссыз қалған прокурор Бас прокуратураны сотқа беріп, тәртіптік жаза туралы бұйрықты заңсыз деп тануды, оны жұмысын қалпына келтіруді және мәжбүрлі жұмыстан шыққаны үшін жалақы төлеуді талап етті. Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты талапкердің талаптарын қанағаттандырды.

"ҚР Бас прокурорының міндетін атқарушы Шұғаев Кәрім Маратұлына қатысты прокуратура органдарынан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрығы заңсыз деп танылсын. К.М. Шұғаев 2021 жылдың 8 маусымынан бастап Павлодар облысы Железин ауданының прокуроры лауазымында жұмыс істей бастасын", - делінген сот шешімінің қарар бөлігінде.

Сот прокурорға амалсыздан жұмыстан шығу үшін 1 255 699 теңге жалақы төлеуге міндеттеді. Сот құжатында жұмысты қалпына келтіру және жалақыны өндіріп алу туралы шешімді дереу орындау керек екені айтылған.

Сондай-ақ, сот ҚР Бас прокуратурасына талапкердің талабы бойынша тәртіптік комиссия хаттамасы мен шешімінің, қызметтік тергеу нәтижелері туралы қорытындының күшін жою бөлігінде азаматтық істі тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

Еске салайық, Кәрім Шұғаевпен бірге оның орынбасары Әлібек Айтжанов та жұмыстан босатылған болатын. Прокуратура қызметкерлерін жұмыстан шығаруға полиция қызметкерінің өзін-өзі өлтіру әрекеті себеп болды, ол Павлодар аудандық прокуратурасының ғимаратында табельдік қарудан иығына оқ атқан. Оқиғадан кейін ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Тергеумен Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері айналысты. Биыл тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы жоқ болуына байланысты тергеу тоқтатылғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram