26 сәуір 2017 | 15:39

Сот төрағасы "Қорғас" ШЫХО экс-президенті Василий Нидің ісіне байланысты өз пікірін білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай "Қорғас" ШЫХО экс-президенті Василий Нидің және инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваның да қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына байланысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай "Қорғас" ШЫХО экс-президенті Василий Нидің және инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваның да қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына байланысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ни және Сайдуллаеваның ісі бойынша, біріншіден, негізі ол жерде аяқталмаған қылмыс, яғни қылмыс жасалуға оқталған. Олар өз кінәларын мойындап, ісіне өкінетіндерін жеткізді. Ешқандай зиян келтірмеген. Қылмыстық кодексінің 65 бабына сәйкес, жасаған қылмысына өкінетін болса, зиян келтірмеген жағдайда, қылмысты ашуға көмектескені үшін ол жауаптан босатылуы мүмкін. Заңда солай көрсетілген. Бұл шешімге ешкім, жәбірленуші де, прокурор да шағым түсірмеді, наразылық білдірмеді", - деді Ақжан Ештай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да болған кездесуде студенттердің сұрағына жауап бере отырып. 

"Қазіргі уақытта ешкім қайта шағымданған жоқ. Сот үкіміне пікір білдіре алмаймын, себебі сот үкіміне арыз берілген жоқ", - деді Ештай журналистерге. 

Осыған дейін, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев "Қорғас" ШЫХО экс-президенті Василий Нидің қылмыстық жауапкершіліктен босатылуын дұрыс деп есептейтінін жеткізді. 

"Қазір бізде ақшаны қайтарса, босатуға болады деген құқық бар. Меніңше, бар. Ақшаны қайтарсын да, кете берсін", - деді ол журналистердің сұрағына жауап беріп жатып.

Еске салайық, осыған дейін миллион доллар пара алған жерінен ұсталған "Қорғас" ШЫХО бұрынғы президенті Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны хабарланған. Бұл туралы Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Бақытжан Қармановтың ресми сауалға берген жауабында айтылады. Сондай-ақ, инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваның да қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны белгілі болды.

"Прокурордың өтініші бойынша және сотталушылардың осыған дейін сотты болмауына, жұмыс орны мен тұрғылықты жерінен жағымды пікірлер болғандықтан және сотталушы Сайдуллаева Махабаттың асырап алған кішкентай баласы болуына байланысты сот ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабының 1-бөлігі негізінде ("Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату") жауапкершіліктен босатты", - деді соттағылар ресми сауалға берген жауаптарында.

Айта кетейік, 5 қыркүйекте "Қорғас" ШЫХО президенті миллион доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Ол осы пара үшін инвестициялық тендердің нәтижелерін шешіп беру үшін алған делінген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети