Депутат "Қорғас" ШЫХО экс-президенті жайлы: Ақшаны қайтарсын да, кете берсін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев "Қорғас" ШЫХО экс-президенті Василий Нидің қылмыстық жауапкершіліктен босатылуын дұрыс деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев "Қорғас" ШЫХО экс-президенті Василий Нидің қылмыстық жауапкершіліктен босатылуын дұрыс деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір бізде ақшаны қайтарса, босатуға болады деген құқық бар. Меніңше, бар. Ақшаны қайтарсын да, кете берсін", - деді ол журналистердің сұрағына жауап беріп жатып.

Еске салайық, осыған дейін миллион доллар пара алған жерінен ұсталған "Қорғас" ШЫХО бұрынғы президенті Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны хабарланған. Бұл туралы Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Бақытжан Қармановтың ресми сауалға берген жауабында айтылады. Сондай-ақ, инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваның да қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны белгілі болды.

"Прокурордың өтініші бойынша және сотталушылардың осыған дейін сотты болмауына, жұмыс орны мен тұрғылықты жерінен жағымды пікірлер болғандықтан және сотталушы Сайдуллаева Махабаттың асырап алған кішкентай баласы болуына байланысты сот ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабының 1-бөлігі негізінде ("Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату") жауапкершіліктен босатты", - деді соттағылар ресми сауалға берген жауаптарында.

Еске сала кетейік, 5 қыркүйекте "Қорғас" ШЫХО президенті миллион доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Ол осы пара үшін инвестициялық тендердің нәтижелерін шешіп беру үшін алған делінген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.1  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer