12 қазан 2016 | 11:59

Сотта Аян Мейірбаевтың кінәлі емес екенінің дәлелі келтірілді - адвокат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аян Мейірбаев Аян Мейірбаев

Ерасыл Әубәкіровтің ата-анасының адвокаты сотта Аян Мейірбаевтың кінәлі еместігінің дәлелі келтірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі үкім оқылғаннан кейін айтып берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Ерасыл Әубәкіровтің ата-анасының адвокаты сотта Аян Мейірбаевтың кінәлі еместігінің дәлелі келтірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі үкім оқылғаннан кейін айтып берді. 

"Иә, әрине, осы мәселелерді зерттеуге түрткі болды, алқа билер тек тыңдаушы ғой. Келтірілген дәлелдердің негізінде мемлекеттік органдардың өкілдерінің тарапы да, жәбірленуші тарап та, яғни адвокаттары осындай пікірге келді", - деді Тельман Әленов. 

Сонымен қатар, ол Аян Мейірбаевтың осы іс бойынша жәбірленуші болып табылғаны жайлы материалдар ұсынылғанын хабарлады. "Ол бастапқыда жәбірленуші болып танылған. Сотқа да жәбірленуші ретінде келді. Сотта ол жәбірленуші ретінде көрсетпе де берді. Ол басқа тарапта деген мәліметтің сіздерде қайдан барын мен білмеймін", - деп білдірді пікірін Ерасыл Әубәкіровтің ата-анасының адвокаты. 

"Өте өкінішті. Ұлымның нағыз патриот әрі нағыз ер болғанына мақтанамыз. Біреу-міреу сүттен ақ, судан таза болып шықса, оның жазасын Құдай береді", - деген еді процесс басталмай тұрғанда марқұм студенттің анасы Кенжегүл Әубәкірова. Сот отырысына жәбірленуші ретінде марқұмның әкесі де қатысты.

Бір ай бұрын, 7 қыркүйекте Астанада атышулы іске қатысты сот басталған болатын. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровті өлтірді деген күдікпен сот алдына үш адам келді: Нұрбек Әжімбай, Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко. Оларға "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету", "Адамды бостандығынан заңсыз айыру", "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері", "Адам өлтіру" және "Бопсалау" баптары бойынша айып тағылды. 

Ал бүгін осы атышулы іс бойынша үкім шығарылды. Оған сәйкес, Нұрбек Әжімбай мүлкі тәркілене отырып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айырылды, ал Виталий Шерстнев 11 жылға сотталды.

Бұл істе бастапқыда Аян Мейірбаев күдікті болған еді. Оған қатысты қудалау қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тоқтатылған еді. Ол тергеу изоляторынан босап шықты.  

Еске салайық, биыл ақпанда Астанада медициналық университеттің алтыншы курсында оқитын Ерасыл Әубәкіров жоғалып кеткен болатын. Ол Сарыарқа - Сейфуллин қиылысындағы үйінен сол жағалауға қарай шығып кетіп, табылмаған еді. Кейін, 10 ақпанда оның мәйіті зорлық белгілерімен табылған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети