1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Сотталушы бостандықтағыларға коронавирус туралы өлең жолдарын арнады

Сотталушы бостандықтағыларға коронавирус туралы өлең жолдарын арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОВ156/18 мекемесінде жазасын өтеуші болып жатқан індет алдында бір қадамда тұрған туған-туыстарына деген ішкі уайымын жеткізу үшін өлең жолдарын шығарды. Өлеңін ол Skype арқылы жеткізген.

Өлең жолдарында ол барлық жерде карантин болып жатқандықтан туған туыстарының кездесуге келе алмайтындығы туралы жәнеде осы жағдайға карамастан ОВ-156/18 мекемесінде жақындарымен бейне қоңырау скайп арқылы сөйлесуге мүмкіндіктері бар екендігі туралы айтып өтті.

Сотталущы өлең жолдарында қиын-қыстау кезінде үрейге бой алдырмай, карантиннің барлық ережесін ұстануға шақырды.

Біздің жағдай

Мен жазамын бұл жердегі мән жайымды,
Көңілдегі алаңдаулы уайымды.
Жаман індет алып келген қорқыныш бар
Әке-шешем білгім келед жағдайыңды.
Қалаларым жабылды "карантин" деп,
Бар жоспарды бұзды ғой мына індет,
Жабылып шет-шетімен мекемелер,
Көңіліміз түсе берді күннен күнге.
Қайда десең, шуақты кент Жарма ауданы,
Бостандықсыз өмір кешкен шалғайдағы ОВ-156/18 мекемесі,
Тек бостандық деп соққан жүрек арманы.
Бұл жердің де жабылды есіктері,
Сағынышпен күтетін терезелері.
Әке-шеше, туысқан деп алаңдатты,
Сезілгендей короновирус дерттің демі.
Осы жерде мың алғыс мекемеге,
Туысқанды жақындатқан ете-ете.
Скайп бейне жазбасы мауқымды бастырар,
Үлкен сағынышымды деген әке-шешеме.
Барша қазақ бауырға біз айтамыз,
Тәртіп сақта, үйден шықпа, сіз байқаңыз!
Алаңдаймыз Біз өзіңе қандастарым,
Бейбіт күнге Бізде бір күн оралармыз!

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

ШҚО-да ұшақ өртенді