29 наурыз 2020 09:54

СOVID 19: АҚШ-та алғашқы сәби өлімі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америка Құрама Штаттарында алғашқы сәби коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Америка Құрама Штаттарында алғашқы сәби коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Чикаго қаласында болған. Көз жұмған сәби 1 жасқа да толмапты.

"Осыған дейін СOVID 19-дан сәби өлімі тіркелмеген. Оның неден қайтыс болғанын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Иллинойс штатының денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нгози Эзике.

Осыған дейін Қытайда қауіпті індетті жұқтырған бала қайтыс болған.

Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде 570 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, ал 26 мыңнан астам адам аурудан көз жұмды.

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети