23 наурыз 2020 11:05

СOVID 19: Ақтөбеде 68 адам карантинге жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған 68 адам карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған 68 адам карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, қауіпті індетті жұқтырған әйел 22 наурызда Мәскеуден келген. Осы уақытта ол "коронавирус жұқтырды" деген күдікке ілінген.

Тексеріс барысында тест оң нәтиже көрсеткен. Кейін науқас госпитальға жатқызылған. Қазіргі таңда оның жағдайы қанағаттарлық.

Сонымен қатар, Әсет Қалиев науқаспен байланыста болған 68 адам оқшауланғанын атап өтті. Оның 38-і үй карантиніне жатқызылған.

"Науқаспен бірге ұшақта 57 жолаушы болған. Барлығынан тес сынамасы алынып, госпитальға жатқызылды. Барлығының жағдайы қанағаттарлық", - дейді Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

 Осыған дейін Ақтөбеде бір адам коронавирус жұқтырғанын хабарлағанбыз. 

Айта кетейік, бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 60-қа жетті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети