03 наурыз 2022 13:10

"Спутник Лайт" вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанда шығарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінде (ҚФК) "Спутник Лайт" вакцинасының бірінші партиясы шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінде (ҚФК) "Спутник Лайт" вакцинасының бірінші партиясы шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені "Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасының алғашқы валидациялық партиясын шығарды", - делінген хабарламада.

Компания ресейлік Гамалея ғылыми-зерттеу институтында халықты ревакцинациялау үшін жасалған препарат өткен жылдың ортасында Қазақстанда тіркелгенін еске салды. Вакцинаның валидациялық партиялары Қарағандыда өндіріліп, сапаны бақылау үшін Ресейге жіберілді.

"Дәл Қарағандыда қазақстандықтарды коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үшін "Спутник V" препаратының алғашқы сериялары шығарылды. 2021 жылдың ақпан айынан бастап инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл кезінде өте қажет вакцинаның 7 миллион дозасы айналымға жіберілді", - деп қосты баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети