19 қаңтар 2021 13:05

Спутник-V вакцинасынан соң түрлі аурулар пайда болды. Желіде тағы бір фейк хабарлама тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Желіде Спутник-V вакцинасының кері әсерлері туралы хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.


Желіде Спутник-V вакцинасының кері әсерлері туралы хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Хабарламада вакцина салдырған адамдарда гангрена, псориаз және түрлі жаралар пайда болғаны айтылады.

Әлеуметтік желілердегі хабарламала сәйкес, аурудың кері әсерлері туралы Пирогова атындағы Ресей ұлттық зерттеу университетінің 17 жастағы студенті айтқан. Оны Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында зертханалық жұмыстарға тартқан екен. Оған жануарлар мен адамдардың қанымен араластыру үшін белгілі бір сұйықтық берген. Бұдан кейін ол ғылыми жетекшісінің компьютеріндегі "Co-19 поб." папкасынан қорқынышты фотосуреттерді көрген. Cосын ол желіде осы суреттерді жариялаған.

"Біріншіден, университеттің орталықпен ынтымақтастығы туралы университеттің сайтында да, ҒЗО платформасында да айтылмаған.

Екіншіден, "әшкерелейтін" материалға тіркелген барлық фотосуреттерді желіде оңай табуға болады. Суреттерде гангрена, трофикалық жара, үлкен безеу және тамшы тәрізді псориаз бейнеленген.

Үшіншіден, Спутник-V вакцинасының клиникалық сынақтары туралы есепте мұндай жағымсыз әсерлер туралы ештеңе айтылмаған. Керісінше, сынақтар препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейді.

Төртіншіден, 2020 жылғы қазан айында Спутник-V вацинасын әзірлеушілер клиникалық зерттеулерге қатысушылардың 85 пайызында кері әсерлер мүлдем байқалмағанын хабарлады. Қалған 15 пайызында дене қызуы көтерілген, инъекция орнында ауырсыну және ісіну, бас ауруы және бұлшықет ауруы тіркелді. Сынаққа қатысушылардың арасында басқа ешқандай аса ауыр салдар болмаған", - делінген хабарламада.

"Қорыта айтқанда, COVID-19 қарсы вакцинасының "қорқынышты жанама әсерлері" туралы хабарламалар мен фотосуреттер – Желі қолданушылары ойдан шығарған нәрсе. Бұл ақпараттың шынайылығын растайтын фактілер жоқ", - деп жазады басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети