ШҚО-да бірнеше қалада қар жауды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да бірнеше қалада қар жауды Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райының салдарынан кейбір қалалар қар астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райының салдарынан кейбір қалалар қар астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің шығысында ауа температурасы төмендеп, +15 градустан салқындап кетті. Өскеменде, Риддерде, Серебрянскіде қатты қар жауды. Облыс орталығында қар тез еріп кетсе, Риддер мен Серебрянскіде қар қалып қалған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қардың биіктігі - шамамен бес сантиметр.

Суреттер мен видеоларды әлеуметтік желі қолданушылары таратып жатыр.

Сондай-ақ, Риддер тұрғындары қалада болған бірнеше жол апаты жайлы хабарлап жатыр. Жүргізушілер мұны көктайғаққа дайын болмағандықтарымен түсіндіріп отыр. "Қазгидромет" өкілдері өз кезегінде мамыр айында жауған қардың сирек кездесетін құбылыс екенін айтып түсіндірді. Бірақ мамандардың айтуынша, бұл жалпы нормадан ауытқыған құбылыс емес.


© Наталья Боровая

"Мамыр айында таулы аймақтардағы жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп күтіледі. Жақын арада күн айтарлықтай жылымайды. Ауа температурасы шамамен 0 градус аясында және +4 градус болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.


Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети