18 ақпан 2014 16:34

Статагенттік басшысы Мешімбаеваның үкімін қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлихан Смайылов. ©Іnform.kz Әлихан Смайылов. ©Іnform.kz

Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Анар Мешімбаеваға шығарылған үкіммен келісетінін білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" арнасына сілтеме жасап. "Сот шешім шығарғандықтан оны орынды деп санаймын", - деді Әлихан Смайылов. Өзі басқаратын агенттіктің экс-басшысына қатысты шығарылған үкімге қарсылық білдірмеген ол келесі халық санағының қашан жүргізілетінін мәлімдеді. "Келесі халық санағы алты жылдан кейін яғни, 2020 жылы жүргізіледі. Толығымен халықаралық стандартқа, халықаралық тәжірибеге негізделетін болады. Халық санағын он жыл сайын жүргізілуі керек", - деді Ә.Смайылов. Статистика агентігінің экс-басшысы Анар Мешімбаева 2009 жылғы халық санағы кезінде 700 млн. теңге мөлшерінде бюджет қаржысын қолды етті деген айыппен ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген еді. Өткен жылдың ақпан айында Мәскеуде қолға түскен оны күзде Қазақстанға депортацияланған болатын. Желтоқсанда басталған сот отырысы өткен жұма күні аяқталып, Есіл аудандық №2 соты статагенттіктің бұрынғы басшысына 7 жыл бас бостандығынан айырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети