15 сәуір 2021 14:12

"Статистика қолдан жасалған". Денсаумин коронавирусқа қатысты ақпаратты жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде коронавирустың таралуы бойынша статистика қолдан жасалған, ал инфекциялық ауруханалар бос деген пікір білдіріп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, елдегі жұқпалы аурулар ауруханасы 40 пайызға жүктелгенін мәлім етті, - деп хабарлайды StopFake.

Орталықтар бос екені туралы ақпаратты Facebook қолданушыларының бірі парақшасында жариялаған. Жазба авторы ауруханаға жатқызылған досы басқа науқастарды байқамағанын жазады.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат жоққа шығарды, деп жазды StopFake.

"Бұл ақпарат жалған. Ауруханалар бос емес", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, 2021 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша елдегі жұқпалы аурулар ауруханалары 40 пайызға жүктелген. Алматы госпитальдарында 3 430 адам, Алматы облысында 2 460 адам, Қарағанды облысында 1 082 адам емделіп жатыр.

Елдегі барлық жұқпалы аурулар ауруханасында 12 482 төсек бар.

Айта кетейік, бүгін, 15 сәуірде коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа Шымкент қаласы өткені хабарланған еді. "Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети