“Стратегиялық бағдар болып қала береді“ - Президент Алтын Орданың ең басты мұрасын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Стратегиялық бағдар болып қала береді“ - Президент Алтын Орданың ең басты мұрасын атады Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың ең басты мұрасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың ең басты мұрасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

"Бұдан бөлек, біз жаңа Конституцияда қазақ елінің төл шежіресі Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихымен сабақтас екенін айқын көрсеттік. Елордамызда Ұлы дала өркениетіне арналған зәулім ғимарат салынады. Жақында Астанада ЮНЕСКО-ның аясында Алтын Орда мұрасын зерттеу ісіне арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Мұның бәрі мемлекеттігіміздің тұғырын нығайта түсуге зор ықпал етеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы "Атамекен" этно-мемориалдық кешенінде өткен ту көтеру рәсімінде.

Мемлекет басшысы Алтын Орда өзінің басқару институттары, дипломатиялық қызметі, байланыс және кеден жүйесі, әлемде мойындалған валютасы, озық инновациялары бар орта ғасырдағы алып ел болғанын атап өтті.

"Қазір Қазақстанда берік орныққан президенттік басқару үлгісі Алтын Орда кезінде құрылған саяси жүйеден бастау алады. Алтын Орданың ең басты мұрасы – оның мызғымас құндылықтары. Себебі алып мемлекетте діні, тілі, мәдениеті, дәстүрі бөлек адамдар ортақ ережелер аясында тату-тәтті өмір сүрді. Бабаларымыздың осындай тағылымды жолы біз үшін өшпес өнеге және басты стратегиялық бағдар болып қала береді".

Президенттің сөзінше, Алтын Орданың жетістігі Еуразиядағы көптеген халықтың ортақ игілігі саналады. Сондықтан Ұлық Ұлыстың мұрагері ретінде біз Еуразияның біртұтастығын, өсіп-өркендегенін, ондағы мемлекеттердің барлығы тату-тәтті ғұмыр кешіп, ортақ қауіпсіздікті сақтап, халықтарының игілігі үшін қызмет еткенін құптаймыз.

"Біздің мақсатымыз – өзгелердің таптаурын болған тәжірибелері мен идеяларын үлгі-өнеге етпеу, өнбейтін дау-дамайдан бойды аулақ салу. Сонымен бірге өткен ұлы дәуірдің құндылықтарын ой елегінен өткізіп, сапалы түрде жаңғыртып, заманауи өркениетке қарай бейімдеу", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.34   567.94   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +28
Ақтау +21
Ақтөбе +17
Атырау +25
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +31
П
Павлодар +26
Петропавл +31
С
Семей +31
Т
Талдықорған +27
Тараз +31
Түркістан +23
О
Орал +30
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер