Су басу қаупі жоқ - министрлік Қытайдағы бөгеттің бұзылуы туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бөгеттің бұзылуына қатысты жағдайға пікір білдірді. Министр Шығыс Қазақстан облысына барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бөгеттің бұзылуына қатысты жағдайға пікір білдірді. Министр Шығыс Қазақстан облысына барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары қытайлық әріптестерімен үнемі байланыста. Қытай тарапы трансшекаралық өзендер арқылы секундына 1400 текше метр су жібергендері туралы хабарлады.

Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Бүгінде Боран гидробекеті аумағындағы Қара Ертіс өзенінде су жіберу көлемі секундына 1700 текше метр, судың деңгейі 543 сантиметр", - делінген хабарламада.

Ағынды судың келуін ескере отырып, Боран ауылы аумағында Қара Ертіс өзеніндегі гидрологиялық бекетте су деңгейі көтеріледі деп күтілетіні айтылды.

"Осыған байланысты ШҚО "Қазсушар" филиалы мамандарының жұмысы күшейтілген кестеге ауыстырылды. Өскемен су қоймасынан (Бұқтырма су қоймасының контрреттегіші) су жіберу секундына 500 текше метрден 800 текше метрге дейін ұлғайтылды. Жағдай министрдің жеке бақылауында. Ертең ведомство басшысы Шығыс Қазақстан облысына барады. Бүгін өңірде вице-министр Нұрлан Алдамжаров жүр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, алдын ала мәлімет бойынша, бөгет Қазақстан шекарасында, Қытай жағынан 100 шақырым жерде жырылып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer