11 шілде 2014 16:34

Субұрқақтардан энтеровирустық инфекция жұғуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Субұрқақтарға шомылған кезде энтеровирустық инфекция жұғып қалуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 


Субұрқақтарға шомылған кезде энтеровирустық инфекция жұғып қалуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Астанада сынап бағанасы плюс 30-ды көрсетіп тұр. Ыстық ауа райы астаналықтарды қала субұрқақтарына шомылуға итермелеуі мүмкін. "Шомылуға тыйым салынады" деген жақтаушаның өзі су аңсаған адамдарды тоқтата алмай жатады. Санитарлық дәрігерлер болса, субұрқақтарға шомылудың денсаулық үшін қауіпті екенін ескертеді", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Tengrinews.kz астаналықтардың аптаптан қорғану үшін субұрқақтарды төңіректейтінін хабарлаған еді. Ал Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, Есіл өзенінің бір ғана тұсы суға шомылуға жарамды екен.

Әкімдіктің мәліметінше, жаз кезінде Астанада энтеровирустық инфекция көп тіркеледі. Былтыр ол тамыз, қыркүйек айларында көбейген, себебі маусым, шілде айлары салқындау болды. Биыл маусым мен шілде айларының ыстық болуы балалардың осы ауруды жиі жұқтыруына ықпал етіп отыр. Өйткені балалар субұрқақтар мен басқа да шомылуға арналмаған суқоймаларға жиі түседі. 

Мамыр айынан бері Астанада энтеровирустық инфекция жұқтырудың 46 дерегі тіркелген. Оның 65%-ы зертханалық жолмен мақұлданды. Ауруды, негізінен, 14 жасқа дейінгі балалар жұқтырып отыр, инфекция жұқтырудың 60%-ы суқоймаларға шомылудан болған.

Жарты жыл ішінде Астанада 16 субұрқақтың энтеровирусқа қатысты ахуалы тексерілген. 8 сынама бойынша ғана нәтиже расталмады. Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады. "Энтеровирустық аурулардан сақтандыру үшін біз ата-аналардан балалардың бос уақытына, олардың арнайы белгіленген суқоймаларға ғана шомылуына, субұрқаққа шомылмауына, тамақ ішер алдында қолдарын жууына, таза ауызсу ішуіне, көкөністер мен жеміс-жидектерді жуып жеуіне көңіл бөлуін сұраймыз", - дейді дәрігерлер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети