26 қаңтар 2021 16:05

Судья Шкарупаны ақтау үкімін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анатолий Шкарупа Анатолий Шкарупа

Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жанат Егембердиева бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға қатысты шығарылған үкімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жанат Егембердиева бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға қатысты шығарылған үкімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа мен "ТҮКШ дамыту қоры" компания басқармасының бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалыға және ENERCO компаниясының директоры Ерлан Нәбиевке шығарған сот үкімі төрт сағатқа созылды. Үш сотталушыға да ақтау үкімін жариялағаннан кейін судья Жанат Егембердиева іс бойынша жиналған заттай дәлелдерді оқып шықты. Қылмыстық іс материалдары 115 том, дәлелдер де аз емес. Соңында ол ақталғандарға және процеске қатысушыларға үкімді түсіндірді.

"Сотталушылар әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық жоқ. Атап айтқанда мынадай негіздер бойынша: сотқа дейінгі тергеу органы айыптау актісінде қылмыс жасау тәсілі мен ұрлық қалай жасалғаны көрсетілмеген. Иемдену немесе ысырап ету арқылы. Бұл ретте іс бойынша жүргізілген, келтірілген залалдың сомасын болжайтын сараптамаларды дәлелді алу тәртібі бұзылғандықтан жарамсыз деп таныдық. Сот сарапшылардың, сондай-ақ мамандардың қорытындыларын іс бойынша жол берілмейтін дәлелдемелер деп таныды. Олар шындыққа жанаспайды және шығын мөлшерін растамайды. Сот талқылауы барысында сотталушылар кінәлілігі туралы жеткілікті және бұлтартпас дәлелдер табылған жоқ", - деп атап өтті судья Жанат Егембердиева.

Сондай-ақ, судья сот тергеуінде залал сомасы анықталмағанын айтты. Ал нақты зиян сомасының көрсетілмеуі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығын көрсетеді. Ақталғандар тергеу органдарына талап арыз беріп, қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылғаны үшін моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы деп атап өтті судья. Жанат Егембердиева осы қылмыстық істі тергеу кезінде ҚІЖК нормаларының бұзылуына жол бергені үшін Бас прокуратураға жеке қаулы шығарды.

Ақталғандар сот үкімі мен оны түсіндіру барысын толық тыңдап, соңында әділ шешім үшін алғыс айтып, қол соқты.

Айта кетейік, Анатолий Шкарупа 2018 жылдың қазан айында ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бірақ қараша айында оны 215 миллион теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алды. Шкарлупамен бірге бұл іс бойынша тағы екі адам ұсталды.  Қылмыстық іс Қарағандының Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Прокуратура Анатолий Шкарупадан мүлкін тәркілеусіз 10 жыл бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойы айыруды сұрады. Бүгін сот сотталушыларға қатысты ақтау үкімін шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети