Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт адамнан тұратын отбасын өлтіру ісі бойынша сотталушы Сұлтан Сәрсемалиев соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
9 шілдеде сотта тараптардың жарыссөзі басталып, прокурорлар айыпталушыны қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Еске сала кетейік, Сұлтан Сәрсемалиев өзінің қайын атасы Мақсот Қарабалинді, қайын енесі Нәсіп Өтешқалиеваны, сондай-ақ олардың ересек балалары Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевті өлтірді деп айыпталып отыр.
Сотта соңғы сөзін айтқан Сәрсемалиев кез келген жазаны, соның ішінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеуге дайын екенін айтты. Алайда ол бұл ауыр қылмыс "пайдакүнемдік ниетпен" жасалды деген айыптау тұжырымымен келіспейтінін айтты.
"Жасаған ісімді көтеремін. Ешкімді қараламай, қолыммен істегенімді мойныммен көтердім. Мен жауапкершіліктен қашпаймын, тергеу кезінде жауапкершіліктен қашпаған басым, әділеттілік кезінде жауапкершіліктен қашпайды. Бірақ оларды ақша үшін немесе қылмысты жасыру үшін өлтірдім деп айтуға ешқашан дәтім бармайды", - деді сотталушы Сұлтан Сәрсемалиев.
Фото: Tengrinews.kz
Сәрсемалиевтің айтуынша, қылмыс пайдакүнемдік ниетпен емес, марқұмдармен арадағы жанжалға байланысты жасалған.
"Олар әрбірі қылмысқа итеретіндей сөз айтты, ар-намысымды аяққа таптады. (...) Кез келген жазаға дайынмын. Мен өз істегенімді өзім білемін, өзім жауап беремін. Өмір бойы өтеуге дайынмын", - деді айыпталушы соттағы соңғы сөзінде.
Еске салайық, 30 маусымда прокурорлар Сұлтан Сәрсемалиевке тағылған айыпты өзгертіп, толықтырды: тергеу оған кісі өлтіру эпизодтары бойынша жаңа саралау белгілерін, сондай-ақ туыстары қайтыс болғаннан кейін әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды заңсыз алу бойынша алаяқтық айыбын тақты. Сонымен қатар, эпизодтардың бірі алаяқтықтан мал ұрлығына қайта сараланды. Қалған айыптаулар өзгеріссіз қалды.
Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісінде тағылған айыптар толықтырылды
Сотта айыпталушы кінәсін ішінара мойындады. Ол Мейрамгүл Қарабалинаны, сондай-ақ жұбайының әкесі мен анасын қасақана өлтіргенін растады.
Дегенмен, сотталушы Наурыз Мұқанғалиевті өлтіру алдын ала жоспарланбағанын алға тартты. Сәрсемалиевтің айтуынша, ол жәбірленушінің өзі арандатқан жанжал кезінде өзін-өзі қорғау мақсатында оған жарақаттар салған.
"Тазару үшін Меккеге бардым". Сотта Сұлтан Сәрсемалиевтің қанды қылмыстан кейінгі бағыты айтылды
Сұлтан Сәрсемалиев - Атырау облысында қаралып жатқан атышулы қылмыстық істер бірінің фигуранты.

Тергеу мәліметінше, бірінші кісі өлтіру оқиғасы 2025 жылдың мамырын болған, содан кейін айыпталушы қылмыс іздерін жасырып, қаза тапқандардың мүлкін иемденуге тырысқан.
Әрі қарай, іс материалдарында көрсетілгендей, ол айналасындағыларды адастыру және жағдайды олардың атынан басқаруды жалғастыру үшін құрбандардың телефондары мен банктік деректерін пайдаланған. Тергеу нұсқасы бойынша, кейбір эпизодтар қаза тапқандардың мәйіттерін жасырумен, сондай-ақ елден қашу әрекетімен байланысты. Айта кетейік, ұзақ уақыт бойы қаза тапқан отбасы хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болға
Фото: Атырау облыстық ПД
Еске сала кетейік, сотталушының жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның отбасы мүшелерінің қазасына қатысы жоқтығына байланысты оған қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған болатын. Психиатриялық сараптама нәтижелері бойынша әйел серпінді бақылау мен дифференциалды диагностикаға мұқтаж. Бұған дейін ол күйеуімен бірге халықаралық іздеуде болып, Индонезиядан экстрадицияланған еді.
Айта кетейік, бұл атышулы істі бұған дейін Яна Легкодимованың өліміне қатысты резонанстық іс бойынша үкім шығарған судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр. Ол іс бойынша екі айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.