Сүңгуірлер, дрондар, авиация: Каспий теңізінде суға кеткен ер адам төрт тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сүңгуірлер, дрондар, авиация: Каспий теңізінде суға кеткен ер адам төрт тәуліктен бері іздестіріліп жатыр Бейнеден алынған кадрлар

Маңғыстау облысында Каспий теңізінің акваториясында шомылуға тыйым салынған жерде суға кеткен 27 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары төртінші тәулік қатарынан жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Маңғыстау облысында Каспий теңізінің акваториясында шомылуға тыйым салынған жерде суға кеткен 27 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары төртінші тәулік қатарынан жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іздеу шаралары күн райының қолайсыздығына және теңіздегі қатты толқынға қарамастан жүргізіліп жатыр: құтқарушылар мен сүңгуірлер акватория мен жағалау сызығын тексеруді жалғастырып жатыр.

"Іздестіру шаралары құбылмалы гидрометеорологиялық жағдайларға, су астындағы көрінудің шектеулігіне, ағысқа және зерттелетін аумақтың ауқымдылығына байланысты қиындап отыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 40-тан астам маман, жүзу құралдары, мамандандырылған техника, ұшқышсыз ұшу аппараттары, сүңгуір жабдықтары, ТЖМ авиациясы, Маңғыстау облыстық ТЖД, ІІМ Ұлттық ұланы, ҰҚК Шекара қызметі, Әскери-теңіз күштері, Полиция департаменті және "YKK Kazakhstan LLP" ЖШС мамандары жұмылдырылды.

"Іздеу жұмыстары су бетінде, әуеден және жағалау бойымен жүргізіліп жатыр. Сүңгуірлер топтары оқиға болған аудандағы теңіз түбі мен жағалау маңын кезең-кезеңімен тексеріп жатыр. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасады", - деп атап өтті ТЖМ өкілдері.

Өңір тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік шараларын сақтау, тек арнайы жабдықталған жерлерде шомылу және тек ресми ақпаратқа сену сұралады.

Читайте также

Валюта бағамы

 485.31   550.55   6.44 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +27
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +28
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +28
П
Павлодар +22
Петропавл +28
С
Семей +32
Т
Талдықорған +31
Тараз +34
Түркістан +22
О
Орал +23
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер