11 ақпан 2021 12:38

Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

ІІМ сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ІІМ сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде ішкі істер органдары көрсететін 40 қызметтің 38-і (95 пайыз) автоматтандырылған. 2020 жылы ішкі істер органдары 8 миллион 937 мың мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның ішінде 8,5 миллионнан астам қызметті азаматтар egov.kz порталы арқылы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрон түрде алды, тек полиция бөлімшелеріне жүгінген кезде ғана 387,5 мың қызмет қағаз түрінде көрсетілген.

Осының ішінде ең көп сұранысқа ие қызметтер: автокөлікті тіркеу (2 миллион 366 мың), жеке басты куәландыратын құжаттарды беру (2 миллион253 мың) және жүргізуші куәліктерін беру (986 мың), сондай-ақ азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу (2 миллион 067 мың).

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ең басты ұстанымы - қызметтерді автоматтандыру, жеделділігін арттыру, ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты азайту екенін атап өтті.

"Бүгінде біздің барлық әрекетіміз мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған. Ең бастысы, адамдар оларды үйден немесе кеңседен шықпай-ақ тез және ешқандай әуреге түспей ала алады. Сонымен қатар, шешім қабылдаудың әрбір кезеңінде уақытылы және объективті орындалуын қадағалау керек", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Бұдан басқа, цифрландыру қызметтерді біртұтас көрсетуге мүмкіндік беретіні, яғни бір өтініш бойынша бірден өзара байланысты бірнеше қызметтерді алуға болатыны айтылды. Барлығы тоғыз қызмет түрі бар, олар 2020 жылы енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети