19 ақпан 2021 09:20

Сүйіктісіне дүкеннен кәмпит ұрлап апарып бермек болған тұрғын жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны Raffaello тәттілерін ұрлаған, енді ол қоғамдық жұмыстарға тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны Raffaello тәттілерін ұрлаған, енді ол қоғамдық жұмыстарға тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам дүкеннен Raffaello тәттілерін ұрлап, сүйіктісіне апарып бермек болған.

Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 сотында ұрлық жасады деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 187-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ер адамға 40 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза тағайындалды.  

Бүгінде айыпталушы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округінде қар күреумен айналысып жатыр. 

"Қоғамдық жұмыстар жазаның тиімді түрлерінің біріне жатады, онда сотталған адамның құқықтары ең төменгі дәрежеде шектеледі. Осылайша, сотталған адам қоғамнан оқшауланбайды, жұмыс немесе оқу орнын шықпайды, оның отбасы мүшелерімен байланысы үзілмейді, ол қаржылық ауыртпалықты көтермейді, демек, отбасы бюджетіне қаржылық жүктеме жоқ. Екінші жағынан, сотталған адам қоғамдық жұмыстарды тегін орындайды, оған еңбек өтілі есептелмейді, демалыс күндері немесе еңбек демалысы кезінде жазасын өтеуі керек, ең бастысы, ол бұл жұмыстарды өзінің заңсыз, қылмыстық әрекеттері үшін атқаратынын түсінеді", - деді өңірлік ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Жәнібек Қосжанов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети