22 қазан 2015 | 15:30

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшылығы Алматы әкімдігіндегі ауыс-түйіске қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшылығы Алматы әкімдігіндегі ауыс-түйіске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыған дейін әкімнің үш бірдей орынбасары ауысқан болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшылығы Алматы әкімдігіндегі ауыс-түйіске пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыған дейін әкімнің үш бірдей орынбасары ауысқан болатын.

22 қазанда Қазақстан Парламенті мемлекеттік қызмет туралы заң жобасын қабылдады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов Алматы әкімдігіндегі ауыс-түйіске қатысты пікір білдіре отырып, заңның бұзылмағанын жеткізді.

"Мемлекеттік қызмет жөніндегі қабылданған және қазіргі заңға сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесі саяси және әкімшілік бөлімге бөлінген. Саяси қызметке келетін болсақ, қызметкер мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау үшін тағайындалады", - деді Ахметжанов.

Ол саяси мемлекеттік қызметке тағайындау саяси мақсатта жүзеге асырылғанын айтты. Алматы әкімдігіндегі ауыс-түйіс туралы сұраққа ол: "Қазақстан мемлекеттік қызметіндегі модель саяси және әкімшілікке бөлінген. Біз тек әкімшілік мемлекеттік қызметке ғана шектеу қоямыз. Бұл заңға сәйкес келеді", - деп жауап берді.

Еске сала кетейік, Алматы әкімінің бірден үш орынбасары қызметінен кеткені хабарланған болатын. Қызметтерінен кеткендер: Юрий Ильин, Зәуреш Аманжолова мен Мұрат Құдышев. 

Алматы әкімінің орынбасары болып Арман Қырықбаев пен Әсел Жүнісова тағайындалды. Қырықбаев 2014 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың тамызына дейін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. Жүнісова бұған дейін "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратын басқарды (2014 жылдың ақпаны - 2015 жылдың қаңтары). Оған дейін кей жылдары партия ОА басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары және ҚР Президенті Әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі болды.

21 қазанда Бауыржан Байбек тағы бір орынбасары Румиль Тауфиковті таныстырды. 2006-2009 жылдары Президент Протоколының сол уақыттағы бастығы Бауыржан Байбектің орынбасары болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети