02 маусым 2021 16:02

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет парасаттылық департаментінен бас тартады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылымдық бөлімшелер саны қысқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылымдық бөлімшелер саны қысқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлай жекқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі құрылымын оңтайландыру және басшылық құрамын қысқарту туралы шешім тиімділік, шешімдер қабылдау сапасы, сондай-ақ қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу шеңберінде қабылданған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес агенттік қызметінің үш негізгі бағыты:

  • алдын алу - сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептер мен жағдайларды жою, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау және мониторинг, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жұртшылықпен өзара қарым-қатынас;
  • анықтау - қолданыстағы қылмыстық схемаларды ашу және жолын кесу бойынша жедел жұмыс;
  • тергеу - қылмыстық істер бойынша сапалы процессуалдық шешімдер.

Осы үш блок жұмысы нәтижесінде қоғамда парасаттылық мәдениеті қалыптасады", - деді агенттік өкілі.

Осы қағидат бойынша функциялары ұқсас ведомствоның бейінді бөлімшелері санын жеті департаменттен үшеуге дейін қысқарту көзделеді.

"Оңтайландыру нәтижесінде құрылымдық бөлімшелер саны сәйкесінше 14-тен 10-ға дейін қысқарады. Бұл құрылымдық өзгерістер қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді", - деді агенттік қызметкері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасаттылық департаменті 2019 жылғы шілдеде құрылған. Кейін департамент құрамына директор, оның бір орынбасары, бас кеңесшілер, бас сарапшылар және басқа мамандар кірді. Олар парасатты идеологияны ілгерілетумен айналысып, қоғам мен мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тиіс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети