“Сыйға тартылған балалар“: Қарағандыда сәбилерге қатысты атышулы іс қайта сараланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қарағанды облысының прокуратурасы жаңа туған сәбилерді беру ісі бойынша қылмыстық істің бабы өзгергенін мәлімдеді. Енді бұл сатып алу-сату емес, "сыйға тарту" ретінде қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының прокуратурасы жаңа туған сәбилерді беру ісі бойынша қылмыстық істің бабы өзгергенін мәлімдеді. Енді бұл сатып алу-сату емес, "сыйға тарту" ретінде қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір сот алдында биологиялық ана, перинаталдық орталықтың мейірбикесі және екі отбасылық жұп отыр.

Қарағанды облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі отбасы, биологиялық ана және перинаталдық орталықтың мейірбикесіне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Бастапқыда олар жаңа туған сәбилерді сатып алу-сату дерегі бойынша айыпталған болатын: тергеу нұсқасы бойынша, әйел екі баласын бала көтере алмаған отбасыларға берген, ал мейірбике оған көмектескен.

Кеше сот отырысында прокурор Нұрбек Құсбақов жаңа айыптау актісін оқып берді. Ол Қылмыстық кодекстің 135-бабына сәйкес, жауапкершілік тек сатып алу-сату ғана емес, кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да мәмілелер үшін қарастырылғанын түсіндірді.

Осыған байланысты айыптау қайта сараланды: отбасылар - балаларды сыйға алғаны үшін, биологиялық ана - сыйға тартқаны үшін, ал мейірбике - делдалдық жасағаны үшін айыпталып отыр.

Прокурор бұрын сатып алу-сатуға қатысты болған барлық дәлелдер жаңа білікке сәйкес қайта қаралғанын айтты.

Сот материалдарына сәйкес, күдіктілердің бірі - облыста тұратын көп балалы ана. Ол 2022 және 2023 жылдары екі бала дүниеге әкеліп, кейін перинаталдық орталықта істейтін таныс мейірбике арқылы оларды бала көтере алмаған отбасыларға берген. Тергеу нұсқасына сай, әйел мұндай қадамға қаржылық қиындықтарға байланысты барған және болжам бойынша, мейірбикемен бірге балалар үшін алты миллион теңге алған.

Айыпталушылар бала саудасына қатысты айыптауларды жоққа шығарады. Биологиялық ана балаларын ақысыз түрде бергенін, себебі оларға лайықты өмір қамтамасыз ете алмағанын және қоғам тарапынан қысымнан қорыққанын айтты. Мейірбике тек көмектескісі келгенін мәлімдеді. Отбасылар да балалар үшін ақша төлемегендерін алға тартады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer