Шымкентте нанның неліктен қымбаттағаны белгілі болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте нанның неліктен қымбаттағаны белгілі болды © pixabay.com

Шымкенттегі "Нан қауымдастығы"өкілдері нанның бағасы тұрақтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі "Нан қауымдастығы"өкілдері нанның бағасы тұрақтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қауымдастық төрағасы Әбдімәлік Көмекбаевтың айтуынша, бірнеше жыл бойы коммуналдық қызмет тарифтері заңды тұлғалар үшін өсті (2016 жылдан бастап су 24,7 пайызға, электр энергиясы 27,2 пайызға қымбаттады), сондай-ақ, ЖЖМ бағасы өскен (АИ-92 - 25,2 пайызға, дизель - 105,01 пайызға), ал наубайхана әкімдікпен келісім бойынша нанның бағасын тұрақты ұстап тұрған. 

Әкімдіктің хабарламасы бойынша, 17 қыркүйекке дейін бөлке нанның бағасы 50 теңге болған. 

Шымкент қаласының кәсіпорын және индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бастығы Әсет Әбдірахановтың айтуынша, қала әкімшілігі күнделікті нан бағасына мониторинг жасап отырады. 

"Қауымдастық өкілдерімен бірнеше рет келіссөз жүргізгеннен кейін нан бағасын нарықтамаға сай қоюға келістік. Қазіргі кезде бір бөлке нан 60 теңге тұрады. Әкімдік тарапынан ай сайын өнім бағасына мониторинг жүргізіледі. Былайша айтқанда, әкімдік нан бағасының бұдан әрі көтерілуіне жол бермейді", - деді Әбдіраханов. 

Қала әкімдігінің өкілдері елдегі нанның бағасы ең төмен қаланың бірі Шымкент екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте наннның 10-15 теңгеге қымбаттап, 60 теңгеден сатылып жатқаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети