20 қыркүйек 2018 10:33

Шымкентте нан қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте нан 10-15 теңгеге қымбаттап, 60 теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Шымкентте нан 10-15 теңгеге қымбаттап, 60 теңгеден сатылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Нан қауымдастығы" төрағасы Әбдімәлік Көмекбаевтың айтуынша, әзірге әкімдік бағаны 60 теңге қалпында қалдыруға келіскен.

"Ең бірінші ұнның қатты қымбаттап кетуіне байланысты, одан басқа да нан пісіруге қажетті ашытқы дейміз, тұз дейміз, өсімдік майы дейміз, электр энергиясы, газ және сулардың қымбаттауына байланысты және тасымалдауға кететін бензин де қымбаттап отыр осы екі жылдық мерзімді алған кезде", - дейді Көмекбаев.

Телеарнаның мәліметінше, "Нан қауымдастығы" өкілдері бағаның көтерілетінін айтып, бір апта бұрын әкімдіккке хат жолдағандарын жеткізген екен. Олардың есебінше, әлеуметтік нанның өзіндік құны 54 теңге 60 тиын. Ал соңғы екі жылда наубайханаларға жеңілдетілген ұн берілмейді. Солтүстік облыстардан келетін ұнның бір қабы орта есеппен 700 теңгеге өскенін байқаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети